×

Kaspi bank бөлімшесіндегі арнайы операция «қойылым» ба – министр жауабы

Ішкі істер министрі күдіктінің бұрын бірнеше рет істі болғанын айтты

 Дәурен Ерболат 19.06.2023 | 17:06
фото: видеодан скриншот

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Астанадағы Kaspi bank бөлімшесіндегі арнайы операция «қойылым» деп ойлайтын қазақстандықтарға жауап берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ондай әңгіме жоқ. Ол – өтірік, жалған әңгіме. Имиджді ондай жұмыстармен емес, басқа жұмыстармен көтеруге болады, - деді Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан соң.

Министр Kaspi bank бөлімшесіндегі адамдарды кепілге алған күдікті бұрын ұрлық және алаяқтық қылмыс боынша жауапқа тартылғанын атап өтті.

Бас прокуратураның мәліметінше, бұрын бірнеше мәрте қылмыстық жауапқа тартылған 1993 жылғы Жамбыл облысының тумасы А. Мурадов (2013 жылдан есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұр) Достық, 12 көшесінде орналасқан «Kaspi bank» бөлімшесін басып алған. Банк бөлімшесінде қызметкерлерді кепілге алған қаруланған басқыншы 1993 жылы туған Жамбыл облысының тумасы болып шықты. 

Ведомство мәліметінше, күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-бөлігінің 4 және 8-тармақтары (Адамды кепілге алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама