×

Оралда ер адам әйелмен сайт арқылы танысып, алғашқы кездесуде тонап кетті

Жәбірленушіні дене жарақатын алған

 Дастан Жұмабекұлы 19.06.2023 | 16:15
фото: polisia.kz

Орал қаласыныда ер адам бір әйелмен сайт арқылы танысып, оны алғашқы кездесуде тонап кеткен. Оқиға 15 маусым күні түнгі сағат 01.00 уақыт шамасында болған. Осы кезде жергілікті полицияға әйел адамнан қала көшелерінің бірінде тоналып кеткені туралы хабарлама түскен.

Полиция оқиға орнына барғанда жәбірленушінің дене жарақатын алып, заттарынан айырылғанын анықтаған. 29 жастағы әйелдің айтуынша, ол күдіктімен сайтта танысқан. Екеуі кездескенде күдікті жәбірленушіні пышақпен қорқытып, жарақаттаған. Сол кезде күдікті әйелдің  жеке заттарын тартып алған. Содан кейін ол жәбірленушінің қолдарын скотчпен байлап, телефоны мен 100 мың теңгесін алып кеткен.

БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері дереу жедел-іздестіруді бастап, көп күттірмей күдіктіні қолға түсірді.  Күдікті 28 жастағы Ж. есімді азамат болып шықты. Ол соттың санкциясы бойынша қамауға алынды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама