×

Сауда министрлігінің талабы: базарға барған халық батпақты көшеге тап болмауы керек

Қазақстан жыл сайын тауар импортына 21 млрд доллар жұмсайды

 Дәурен Ерболат 19.06.2023 | 14:57
көрнекі фото: Halyq Uni

Жыл сайын еліміз тұтыну тауарының импортына 21 млрд доллар жұмсайды. Бұл туралы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Вице-министр тауар бағасына бақылау жүргізілетінін, тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Шағым болса, міндетті түрде тексеру болады. Сондықтан базарларға барып, тексеріп, қорқыту деген міндет алдымызда тұрған жоқ. Міндет көп жылға жүктеліп отыр. Нарық толық «қаруланып» болғанша жаңғырту жүргізуге 10 жыл уақыт берілген, - деді бірінші вице-министр Мәжілістегі Үкімет сағатынан соң.

Арман Шаққалиев базарларға қойылатын талапқа тоқталды.

«Халық базарға барғанда батпақты көшеге тап болмауы керек. Жабық ғимарат болуы қажет. Оған қоса тұтынушылар шекті үстеме баға туралы заңға сәйкес тауарды тиісті бағаға сатып алуы керек. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті үстеме бағасы – 15%. Бізде түрлі дерек бар. Сарапшылардың мәліметінше, тұтыну тауарларына жыл сайын 21 млрд доллар жұмсалады», - деді министрдің орынбасары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама