×

Абай облысындағы өрттің түтіні сөндіріліп жатыр

Үш елді мекенде ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен мониторинг жасалып жатыр

 Динара Амантай 19.06.2023 | 12:01
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қазіргі жағдай бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі бірігіп, әуеден барлау және қарауылдау кезінде анықталған түтін шығып жатқан орындарды сөндіру жұмыстарымен айналысып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ және «Семей орманы» МОТР өрт орындарында тұрақты қарауылдау жүргізуде. Жергілікті жерде ұшқышсыз ұшу аппараты көмегімен мониторинг жасалып жатыр.

Жедел штабтың мәліметінше, өртті сөндіруге 500-ден аса адам, 167 техника, 6 ұшақ жұмылдырылды. Үш елді мекенде (Талица, Успенка, Бородулиха) орнатылған командалық-штабтық автомобильдер есебінен өрттің периметрі бойымен жағдайға мониторинг қамтамасыз етіледі.

Өрт басталғалы бері барлығы өрт ошақтарына 2 мың 707 рет көлемі 7 мың 951 тоннадан аса су төгілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама