×

Қазақстанда туристер жиі баратын бес қаланың тізімі

Елордаға төрт айда 951 750 қонақ келген

 Халық үні 19.06.2023 | 10:10
Фото: ашық дереккөз

Мәдениет және спорт министрлігі туристер жиі баратын 5 қаланың тізімін жариялады. ТОП-5 қала арасында Алматы көш бастап тұр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Министрлік ақпаратына сәйкес, биыл төрт айда мегаполиске 1 185 130 адам саяхаттап барған.

Екінші орында Астана қаласы тұр. Елордаға төрт айда 951 750 қонақ келген.

Үшінші орынға Шымкент қаласы тұрақтады. Қаңтар-сәуір аралығында шырайлы шаһарға 346 280 адам саяхаттап барған.

Атырау қаласы да бестіктің ішіне кірді. Төрт айда қалаға 305 460 адам барған. Бұл қалада мамырда  «Сарайшық» визит-орталығы ашылды. Мұнда туристерге Қазақ хандығы, Алтын Орда және ежелгі дәуірдегі қалашық тарихымен танысуға барлық жағдай жасалған.

Бестікке Ақтау қаласы да кіреді. Қаңтар-сәуір аралығында Ақтауға 220 660 қонақ барған.

Айта кетейік, 2023 жылдың алғашқы 4 айында Қазақстанда 3,5 млн адам ел ішінде саяхаттаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36 -ға артық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама