×

Министр Астанадағы банк бөлімшесін басып алуға қатысты пікір білдірді

Тұтқынға алынған 3 адамға «стресске жедел реакция» диагнозы қойылды

 Динара Амантай 18.06.2023 | 17:34
Фото: видеодан скриншот

ІІМ басшысы Марат Ахметжанов Астанадағы банк қызметкерлерін кепілге алу оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бәрі аман-сау. Банктің кепілге алынған 7 қызметкері босатылды. Қылмыскер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  Оқиға орнында барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, күштік операция жүргізу барысында көз жасаурататын газ бен шулы гранаталар қолданылған.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға кезінде жараланғандар болмаған. Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері «стресске жедел реакция» диагнозымен 3 кепілге алынған тұрғынды тексерді. Ауруханаға жатқызудың қажеттілігі туындамаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада қаруланған ер адам банктердің бірінде келушілерді кепілдікке алғанын хабарлаған болатынбыз. Ол 7 адамды кепілге алып, талабы орындалмаса, 3 сағаттан кейін бірінші тұтқынды өлтіретінін ескерткен. Біраз уақыттан соң, банк ғимаратында жүргізілген күштік операция сәтті өтіп, барлық кепілге алынғандар босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама