×

Қостанай облысында көлік салығын төлемеген жүргізуші қамауға алынды

Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды

 Динара Амантай 17.06.2023 | 18:01
Фото: МКК баспасөз қызметі

Қостанай облысында көлік салығын төлемеген жүргізуші 2 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің мәліметңнше, кеше көлік салығын төлемегені үшін Қостанай қалалық соты борышкерді 2 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарған. Сондай-ақ, ведомство өкілдерінің, жеке сот орындаушыларының, полиция және прокуратура қызметкерлерінің бірлескен жұмысы шеңберінде 15 маусымда 207 мың теңге сомасында салық төлемегені үшін «LAND CRUISER – 2002» автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды.

МКД көлік құралдары бойынша салық берешегін уақтылы өтемеген жағдайда сот орындаушыларымен жұмыс шеңберінде берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың мынадай шаралары қолданылатынын ескертеді:

- уәкілетті органдарда тіркеу іс-әрекеттерін шектеу;

- борышкердің елден тыс жерлерге шығуына тыйым салу;

- борышкерді қамауға алу;

- жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру;

- банктік шоттар мен өзге де мүлікке тыйым салу.

Бұдан басқа, жеке сот орындаушыларымен берешек сомасынан бөлек берешек сомасының 25% дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріліп алынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама