×

Ақмола облысында қамыс өртенді (ВИДЕО)

Қатты желдің әсерінен және жердің батпақты болуына байланысты өрт ауадан сөндіріліп жатыр

 Динара Амантай 17.06.2023 | 12:41
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ақмола облысы Қорғалжын ауданында қамыс өртендң, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Шалқар ауылынан 25 шақырым жерде қамыс өртеніп, аудан әкімінің және Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының басшылығымен жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге 43 адам және 17 техника жұмылдырылды

Қатты желдің әсерінен және жердің батпақты болуына байланысты өрт негізінен ауадан сөндіріліп жатыр. Барлығы 52 рет көлемі 150 тоннадан астам су ағызылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама