×

Алматыда борышкерлер қымбат көліктерімен ұсталып жатыр

Porshe cayenne, Toyota Land Cruiser, Mercedes-Benz E сияқты автомобильдер айыппұл тұрағына қойылды

 Дастан Жұмабекұлы 16.06.2023 | 14:11
фото: Қаржы министрлігі

Алматыда қалалық полиция департаменті жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірігіп, салықтан жалтарып жүрген жүргізушілерге қатысты «Борышкер» жедел алдын алу іс – шарасын өткізіп жатыр.  

Акция кезінде борышкердердің автокөліктері «Сергек» камераларының көмегімен анықталса, олар бірден берешек толық өтелгенге дейін айыппұл тұрағына жібіріледі.

Қазір қалада көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек 4,9 млрд теңге.

Қаржы министрлігінің хабарлауынша, соңғы бір аптада жиырмадан астам көлік, соның ішінде Porshe cayenne, Toyota Land Cruiser, Mercedes-Benz E-класты және басқа да қымбат көліктер айыппұл тұрағына жеткізілді.

Осыған байланысты ведомство салық берешегін МКК «Е-Salyq-Azamat» мобильді қосымшасының көмегімен және өз бетінше www.kgd.kz интернет-ресурста, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасында тексеруге болатынын хабарлайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама