×

Аптап ыстық егінге кері әсер етпейді – Қарашөкеев

Қазақстанда 235 мың тонна болатын жем-шөп қоры бар

 Дәурен Ерболат 16.06.2023 | 13:44
Ербол Қарашөкеев, фото: Halyq Uni

Биылғы ыстық Қазақстандағы егін шығымына әсерін тигізбейді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сенаттағы отырыстан шыққан Ауыл шаруашылығы министріне БАҚ өкілдері «Биылғы аптап ыстық егін шығымына әсерін тигізе ме? Жөм-шөп дайындап үлгереміз бе?» деген сұрақ қойды.

Маусымда температура деңгейі өте жоғары болды. Бұл – жылдық орташа нормадан жоғары. «Қазгидромет» мәліметінше, негізгі астық егетін өңірлерде жауын-шашын жауады деген болжам бар. Біз оған сенеміз. Биыл біз көктемгі егіс жұмыстары уақытында жүргіздік. Содан кейін ылғал қоры жақсы болды. Бұл егін егуге қатысты, - деді Ербол Қарашөкеев.

Сондай-ақ министр жайылым мен мал азығына тоқталды.

«2021 жылы бәріміз батыста проблема болғанын білеміз. Осыны ескеріп, жем-шөп өндірісі бойынша жол картасын әзірледік. Былтыр ол бойынша жем-шөп алқабын 100 мың гектарға ұлғайттық. Биылғы жағдайды да ескердік.

Бізде 235 мың тонна болатын жем-шөп қоры бар. Керек болса, осы қорды пайдаланамыз.

Сондай-ақ барлық өңір бойынша бізде азық-түлікке 11,6 млрд теңге субсидия қарастырылған. Біз жем-жөп дайындау үшін арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесін де қарастырдық», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама