×

Алматыда Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 16,2 млрд теңге төленді

Бюджет қаржысы есебінен 1 мың 11 өтінім қанағаттандырылды

 Динара Амантай 16.06.2023 | 13:13
Коллаж: Halyq Uni

Алматыдағы 1 мың 640 шағын және орта бизнес объектісі қаңтар айындағы оқиғалардан кейін өтемақы алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімде Алматыда іскерлік белсенділікті қалпына келтіруді тапсырған болатын. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің айтуынша, әкімдік 16,2 млрд теңге көлемінде зардап шеккен 1 мың 640 кәсіпорынға келтірілген залалды өтеген. Олардың 95%-ы төлемдерді қысқа мерзімде, яғни осы жылдың 1 маусымына дейін алды.

Қаржының бір бөлігі «Жаңа Алатау» қорынан бөлінді. 636 өтінімге 1 млрд 294,8 млн теңге көлеміндегі сома қайтарылды. Ал бюджет қаржысы есебінен 14 млрд 899,5 млн теңгеге 1 мың 11 өтінім қанағаттандырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама