×

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 9 мың қызметкері біліктілік курсынан өтеді

Теориялық және практикалық бағдарламалардың бірігуіне байланысты оқу процесінің тиімділігі артты

 Динара Амантай 16.06.2023 | 12:29
Фото: almaty.tv

Биыл техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі бойынша жылдың соңына дейін 9 мың қызметкер біліктілікті арттыру курсынан өтеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Tалап» комерциялық емес АҚ хабарлауынша, 321 колледж басшысы мен 900-ге жуық орынбасарлары білім берудегі менеджмент, колледждің оқу-өндірістік процесінің сапасын басқарудың инновациялық стилі бойынша оқытылады.

Әдіскерлердің қызметін жетілдіру мен педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға ерекше назар аударылып, арнайы бағдарлама әзірленді. Бұл бағдарлама бойынша 400 колледж әдіскері мен 7 мың 400 арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері оқытылады.

Бұл біліктілікті арттыру курсының ерекшелігі әр тыңдаушы өз мамандығын тереңірек зерттеуі үшін профильдер бойынша топтасады және белгілі бір салалар бойынша жетекші бағыттарды бірге талқылайды. Сонымен қатар, теориялық және практикалық бағдарламалардың бірігуіне байланысты оқу процесін тиімді пайдаланады, – деді педагогикалық шеберлік орталығының басшысы Дина Түменбаева.

Бүгінде еліміздің 18 аймағында оқыту басталды. Маусымның 12-23 аралығында 1 мың 200 арнайы пәндердің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері біліктілігін арттырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама