×

Аймағамбетов шағын жинақталған ауыл мектептері мәселесінің қалай шешілетінін айтты

Әлеуметтік-мәдени даму комитеті заң жобасын әзірлеп, Үкіметке ұсынды

 Динара Амантай 15.06.2023 | 15:47
Фото: Halyq Uni

Шағын жинақталған ауыл мектептерінің мәселесін шешу мақсатында заң жобасы әзірленіп, Үкіметке жолданды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Telegram арнасында жазды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Депутаттың айтуынша, Әлеуметтік-мәдени даму комитеті аталған мәселеге қатысты отырыс өткізген. Онда ғалымдар, мектеп директорлары, депутаттар, министрліктер өкілдерімен көптеген ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, біріншіден, ШЖМ үшін кейбір сабақтарды, әсіресе жаратылыстану бағыты бойынша (математика, физика, химия бойынша мұғалімдердің үлкен тапшылығы сезіледі) онлайн форматта (техникалық мүмкіндік және интернет жылдамдығы жоғары болғанда) өткізу мүмкіндігі мен ШЖМ үшін онлайн оқыту бойынша қосымша қызметкерлер штаттарын, онлайн-педагог, тьютор мен басқа да ұғымдарын енгізу мүмкіндігін заңнамалық тұрғыдан айқындау ұсынылды.

Интернеттің жылдамдығымен ақаулықтарға қарамастан, бұл мәселелер қазірдің өзінде реттелуі қажет, – деді Асхат Аймағамбетов.

Отырыста ШЖМ-де педагогтердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін өзгерту жөніндегі норманы енгізу талқыланды. Бұл мәселе бірнеше рет көтерілген. Алайда шағын жинақталған мектептердегі оқитын оқушылардың аздығына байланысты заңды түрде шешілмеген. Бір сыныптағы біріктіріліп оқитын бірнеше сыныпты ескерсек, соның кесірінен мұғалімдерге сағаттар немесе жүктемелер жеткіліксіз екендігі анықталды. Сондықтан 8 сағат ағылшын немесе химия пәнінен 0,5 ставкаға, әсіресе ауыл мектебіне ешкім келмейді.

Сонымен бірге депутаттың пікірінше, аралас мамандықтар бойынша мамандарды даярлау бағдарламаның екінші мэйджорының терең зерттеуін талап етеді. Бірақ оны дәстүрлі түрде қолданылатын 4 жылдық оқыту жүйесі немесе ГОСО бойынша бөлінген 240 кредит шеңберінде іске асыру өте қиын. Сондықтан оны ұлғайту керек. PGCE бағдарламаларын дамыту, мамандыққа бүйірлік кіруді кеңейту, бітіруші курс студенттері үшін ақылы практиканы енгізу мүмкіндігін қарастыру керек.

Бұл туралы отырыста жоғары оқу орындарының өкілдері де айтты.

Ауылдағы мектеп – бұл жай ғана ұйым емес. Ауылдағы мектепті сақтау – ауылды сақтау. Әріптестерімізбен бірге педагогтердің еңбегіне ақы төлеу бойынша мүлдем басқа тәсілдерді ұсынып, осы мектептерді сақтау үшін шекара маңындағы аудандар үшін мектептер желісінің басқа кепілдендірілген нормативін еңгізуді де ұсынамыз, – деді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында тірек және магниттік мектептер ұғымы бар екеніне қарамастан, олардың өзара әрекеттесуі мен қызметінің көптеген құқықтық және қаржылық тетіктері шешілмеген. Сессиялар өткізу, тірек мектептер педагогтерінің еңбегіне ақы төлеу, тірек мектепке келетін магниттік мектептерден білім алушыларды тасымалдау, тамақтандыру, қосымша штаттар, тірек және магниттік мектептердің өзара іс-қимылы мәселелері және басқа да мәселелер нормативтік бекітуді талап етеді. Өйткені, тірек мектептердегі сессиялар зертханаларға, мамандандырылған жабдықтар мен кабинеттерге және мамандардың сабақтарына қол жеткізу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтену болып табылады.

Отырыста студенттік жатақханалар құрылысының үлгісі бойынша МЖӘ және БИЖ тетігі бойынша интернаттар салу мәселесін заңнамалық шешу туралы айтылды. Сондай-ақ, НҚБ арқылы білім беру теңсіздігі, ШЖМ қызметі мен басқа да мәселелері бойынша нысаналы зерттеулер жүргізуге тапсырысты қамтамасыз ету қажет.

Сонымен бірге жиында жекелеген өңірдің ерекшелігін ескеретін білім беруді дамытудың өңірлік жоспарларын қабылдау жөніндегі норманы заңда бекіту ұсынылды. Сөз сөйлеушілер ШЖМ-нің қауымдастық орталықтары ретінде жұмыс істеу және жергілікті қоғамдастық үшін мектеп базасын пайдалану мүмкіндігін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Ұсыныстардың бір бөлігі депутаттық заң жобасына енгізіліп, енді қорытынды алу үшін Үкіметке жолданды, – деді Мәжіліс депутаты .

Серіктес жаңалықтары

Сараптама