×

Төреғалиды тойға шақыратын қазақ әлі-ақ табылады - депутат

Әнші тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болған

 Халық үні 15.06.2023 | 00:10
коллаж: Halyq Uni

Бүгін елімізге танымал әнші Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде көлік жүргізгені үшін ұсталды. 

Алматы қалалық соты Төреғали Төреәліні көлік жүргізу куәлігінен 7 жылға айырып, 20 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. 

Осыған байланысты, Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза Facebook-тегі парақшасында пікір білдірді. 

«Батыс қоғамында мас күйде ұсталған әнші, әртістің абыройы айрандай төгіліп, студиялармен жасасқан келісім шарттары жойылып, теледидарға шыға алмай, қарабет болып қалады. Ал бізде олай емес. Көресіңдер, Төреғалиды тойға шақыратын қазақ әлі-ақ табылады», деп жазды депутат. 

Еске сала кетейік, полиция Төреғали Төреәлінің ұсталуына қатысты түсініктеме берген болатын. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама