×

Астанада мас жүргізушінің кесірінен көлік апаты болды (ВИДЕО)

Авариядан жарақат алғандар бар

 Дәурен Ерболат 14.06.2023 | 17:01
Фото: vm.ru

Елордада 2 көлік соғысып аударылды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға бүгін сағат 09.46 шамасында болған. Toyota көлігінің 23 жастағы жүргізуші Қордай көшесінен Бауыржан Момышұлы даңғылына оңға бұрылып, Абылайхан даңғылының қиылысында Chevrolet Cobalt көлігіне соғылған. Салдарынан 2 автомобиль аударылды.

Апаттан Chevrolet Cobalt жүргізушісі мен Toyota көлігінің жолаушысы жарақат алды. Дәрігердің тексеруінен кейін олар үйіне жіберілді. Медициналық куәландыру нәтижесінде Toyota жүргізушісі жеңіл дәрежеде алкогольге мас болғаны анықталды, –  деп жазылған хабарламада.

Тіркелген дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама