×

Петропавлда пәтерден табылған әйелдің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

Облыстық прокуратура қызметкері қылмысты ашуға көмектескен

 Динара Амантай 14.06.2023 | 16:23
Фото: alashainasy.kz

Петропавлда пәтерден табылған әйелдің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, 26 мамырда облыс орталығының пәтерлерінің бірінде полиция қызметкерлері аса ауыр қатыгездікпен, көптеген келтірілген жарақат салдарынан қайтыс болған әйелдің мәйітін анықтаған.

Оқиға орнын қарауға қатысқан Петропавл қаласы прокуратурасының процестік прокуроры А.Иманқұлов бейнебақылау камераларындағы (қайтыс болған әйелдің пәтерінің кіре берісін және күдіктінің жұмыс орнын) жазбаларды зерделеген.

Прокурормен күдіктінің жұмыс орны бойынша жазбаны қарау барысында оның әкімшілік ғимарат аумағындағы қоқыс бактарына күмәнді қораптарды шығарғаны анықталды, соған байланысты тергеу жедел топтың жұмысын үйлестіре отыра процестік прокурормен тез арада қоқыс бактарын тексеру туралы нұсқау берілді.

Бактарды орнын қарау барысында күдіктінің қоңыр түсті дақтар бар заттары, пышақтар және өлтіру құралдары ретінде пайдаланған заттары табылды. Аталған заттар күдіктінің әйелді өлтіруге тікелей қатысы барын анықтауға дәлел болды.

Облыстың полиция департаментінде Петропавл қаласы прокуратурасы қызметкерлерінің жоғары шеберліктері аса ауыр қылмысты ашуға мүмкіндік бергені атап өтілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама