×

Семей орманындағы өрт: Мәжіліс жұмысын бір минут үнсіздікпен бастады

Абай облысындағы алапат өрт салдарынан 15 адам қаза тапты

 Дәурен Ерболат 14.06.2023 | 10:14
скриншот: видео

Мәжіліс депутаттары Абай облысындағы алапат өрттен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Абай облысындағы өрттің салдары адам өліміне әкеп соқты. Бұл ауыр қайғы барша қазақстандықтың қабырғасын қайыстырды. Осыған байланысты президент 12 маусымды – жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Барлық депутаттың атынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтайық. Отырысымызды бастамас бұрын қаза болған арыстарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Абай облысы әкімінің хабарлауынша, 13 маусымда ормандағы өрттің аумағы 60 гектарға жетті. Өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері мен бір тракторшы қаза тапты. 12 маусым Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама