×

Алматыда автобус қоршауға соғылды

 Екі адам жарақат алды

 Динара Амантай 13.06.2023 | 17:00
Фото: видеодан скриншот

Алматыда автобус қоршауға соғылып, салдарынан екі жолаушы жарақат алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 12.40 шамасында Спасская көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан №13 автобус әкімшілік ғимараттың қоршауына соғылған. Соның салдарынан қоғамдық көліктегі екі жолаушы жарақат алып, медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасына қатысты дерек Түрксіб аудандық ПБ қызметкерлерінің қолына түсті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама