×

Абай облысындағы өртті сөндіруге неге басқа елдер көмектеспей жатыр?

Биыл «Семей орманы» резерватына 6 млрд теңге қарастырылған

 Дәурен Ерболат 13.06.2023 | 12:22
фото: ТЖМ

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2023 жылы «Семей орманы» резерватына 6 млрд теңге бөлінгенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Вице-премьер қаржыны игермеу барлық салада тіркеліп жатқанын атап өтті.

Мұны арнайы комиссия анықтауы керек. Неге игерілмеді? Неге техника жетіспеді? Себебі, тек «Семей орманы» резерватының өзіне биыл шамамен 6 млрд теңге қарастырылған. Қазір оны сараптау керек. Неге ол қаржы дер кезінде жетпеді? Қандай кемшіліктер болды? Оны комиссия анықтайды, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Ерұлан Жамаубаев шығын көлемі өрт сөндірілген соң белгілі болатынын атап өтті.

«Былтыр Түркияда өрт болып, дүниежүзінен көмек көрсетілді. Бар мүмкіндік жасалып жатыр. Бізге неге өзге елдер көмектеспей жатыр деген сұраққа жауап бере алмаймын. Онымен құзырлы орган айналысуы керек. Шығын да өрт аяқталған соң белгілі болады. Қажет болған жағдайда, Үкіметтің резерві мен жергілікті атқарушы органдардың резерві бар»,  - деді Жамаубаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама