×

«Көбірек адам жіберу керек еді». Әлихан Смайылов министрлер шұғыл әрекет етпегенін айтты

Абай облысындағы орман өртінен 14 адам қаза тапты

 Дәурен Ерболат 13.06.2023 | 11:10
фото: akorda.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Абай облысындағы алапат өртті сөндіру үшін уақытында тиісті шешімдер қабылданбағанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Өрт кеңінен тарамай тұрған сәтте оны сөндіру үшін шұғыл әрекет ету керектігін ескерткенмін. Өрттің таралуына жол бермес үшін көбірек техника мен адамдар жіберу керек еді. Далада немесе орманда өрт шыққанда бірінші күні, алғашқы сағаттарда тиісті шешім қабылдау өте маңызды. Ондай жағдайды дұрыс бағалап, кез келген апаттың алдын алуға барлық күш-жігеріңді жұмсау керек. Сонда ғана шығын азайып, адам өлімі мен ауқымды апаттан аман қалуға болады», - деді ол Үкімет отырысныда.

Премьердің айтуынша, Экология министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, елдің ұлттық парктері мен орман шаруашылықтарындағы өртті ерте анықтау және мониторинг жүйелерімен жарақтандыру жөнінде шаралар қабылдауы керек.

Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге табиғи өртке қарсы әрекет ету алгоритмін қайта қарауы қажет. Ең бастысы – өртті толық өшіру. Мемлекет басшысының барлық тапсырмасы орындалуға тиіс, - деді Әлихан Смайылов.

Орман өртіне қатысты үйлестіру жұмысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама