×

Қарағандыда зообақтағы арыстандарды сатпақ болған 3 жігіт ұсталды

Олар арыстанның екі күшігін 6 млн теңгеге өткізуге тырысқан

 Еркеғали Болатұлы 11.06.2023 | 15:00
фото: дереккөз

Қарағандыда хайуанаттар бағындағы арыстанның күшіктерін заңсыз сатпақ болған 3 ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, полицияға қаладағы хайуанаттар бағында жабайы аңдарды заңсыз сату фактісі болғаны туралы хабар түскен.

Облыстың криминалдық полиция қызметкерлері зообақтан тыс жерде арыстандарды сатып жатқан 22, 37 және 44 жастағы 3 ер адамды ұстады. Олар арыстанның екі күшігін 6 млн теңгеге сатпақ болған, - делінген хабарламада.

Бұл факті ҚР ҚК-нің 339-бабы («Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз қарым-қатынас жасау») бойынша тіркелді.

Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама