×

Ормандағы өрт: 3 ауылдан 50-ге жуық адам Семейге эвакуацияланды

Олармен кәсіби психологтар жұмыс істеп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 11.06.2023 | 14:44
фото: tengrinews.kz

Алапат табиғи өрт салдарынан Озерск ауылдық округіне қарасты 3 ауылдан Семей қаласына 50-ге жуық адам эвакуацияланды. Оның ішінде 1-14 жас аралығындағы 13 бала бар. Бұл туралы Балалардың құқығын қорғау комитеті хабарлады.

Қазір балалар мен олардың ата-аналары колледж жатақханаларына орналастырылды. Адамдар барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Олармен кәсіби психологтар жұмыс істеп жатыр.

Отбасылар үшін биологиялық орталық пен кинотеатрларға бару арқылы ойын-сауық шаралары ұйымдастырылды.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар, балалар лагерлері зардап шеккен жоқ.

Балаларды одан әрі орналастыру комитеттің бақылауында, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама