×

Абай облысындағы өрт: 7 учаскеде сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Мыңнан аса адам, 200-ден аса техника жұмылдырылды

 Динара Амантай 10.06.2023 | 16:16
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қазір Абай облысында 7 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесіп жатыр. Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 мыңнан астам адам, шамамен 237 техника жұмылдырылған. 11 тікұшақ тартылып, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылып жатыр.

Қазір таңғы сағат 6:00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет су төгілді. Жалпы көлемі 410 тоннаны құрайды. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 263 рет су төгілді. Жалпы көлемі 590 тоннаны құрайды. Әуеден барлау нәтижесінде жекелеген учаскелерде орманның төменгі бөлігінде өрт байқалады. Сағат 10:30-дан 11:00-ге дейін өрт болған жерде аздаған жаңбыр жауды.

Осы уақытқа жедел желіге 52 қоңырау түсті. ТЖМ және ТЖД жедел желі телефондары: 8 7172 53 32 84, 8 722 235 38 31.

«Қазгидромет» АҚ 10 маусымдағы деректері бойынша, облыстың басым бөлігінде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыс, солтүстік 9-14, облыстың көп бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. ауа температурасы 24-29, облыстың оңтүстігінде 34 жылы болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама