×

Алматы әкімдігі мердігерлерді сотқа берді

Құрылыс 1 жылдан аса уақыт бойы кестеден кешіккен

 Динара Амантай 09.06.2023 | 17:20
Фото: baq.kz

Алматы әкімдігі Түркісіб ауданындағы «Жас Қанат» ТК мердігерлерін сотқа берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы әкімдігі «Жас Қанат» ТК және көршілес шағын аудандарды абаттандырумен айналысатын компанияларды сотқа берді. Қала билігі мерзімді сақтамағаны және жұмысты сапасыз орындағаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алуға және компанияны мемлекеттік сатып алуға жауапсыз деп тануға қол жеткізбек.

Қазір «Жас Қанат» ТК-дегі 41 үйдің 30-ы пайдалануға берілді. Қалған 11-ін мердігер қыркүйек айының соңына дейін кезең-кезеңімен тапсыруды жоспарлап отыр. Құрылыс 1 жылдан аса уақыт бойы кестеден кешіккен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама