×

Абай облысындағы өрт: орман шаруашылықтарының 14 қызметкері іздестіріліп жатыр

Роман Скляр республикалық штаб отырысын өткізді

 Динара Амантай 09.06.2023 | 17:12
Фото: t.me/KZgovernment

Бүгін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысындағы табиғи өртті сөндіру жөніндегі ТЖМ Ахуалдық орталығының базасында Жедел республикалық штаб отырысын өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Отырыс барысында оқиға орнынан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Марат Күлдіков баяндама жасады. Бүгін сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге жеке құрамнан 662 адам және 177 техника, 6 тікұшақ жұмылдырылған. Авиациялық техникамен өртті сөндіру үшін 80 рет жалпы көлемі 192 тонна су шашылды.

Қазір орман шаруашылықтарының 14 қызметкерімен байланыс үзілген. Оларды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Астана қаласы және Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменттерінен 133 адам және 48 техника, сондай-ақ қосымша 4 тікұшақ жіберу туралы шешім қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама