×

Алматыда арнайы жасақ кәсіпкерді бопсалаған қылмыстық топты ұстады

Күдіктілер қамауға алынды

 Дәурен Ерболат 09.06.2023 | 11:13
Фото: polisia.kz

Алматыда арнайы жасақ кәсіпкерді бопсалағандарды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Арнайы іс-шара барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен 4 ер адам ұсталды. Олардың үшеуі бұрын қарақшылық шабуыл, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша істі болған.

Күдіктілер 21 жастағы К. атты кәсіпкерді қорқытып, 2 млн теңге бопсалаған. Олар соманың бірінші бөлігін бірден алып, қалғанын табуға 20 күн уақыт берген. Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел және арнайы іс-шара кешені жүргізілді. Қылмыстық топтың әрекетіне хаттама толтырылды. Олар қылмыс үстінде ұсталды, - деді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Ілияс Өмірсеріков.

Оның айтуынша, Қылмыстық процестік кодекстің 128-бабына сәйкес күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Атыс қаруын заңсыз сақтау дерегі де анықталып, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама