×

Павлодар мектебіндегі өрт: ауруханаға түскен оқушының қазіргі жағдайы айтылды

Оқушысы үйіне барған соң өзін жайсыз сезінген

 Халық үні 22.04.2022 | 11:00
коллаж: Halyq Uni

Мектептегі өрттен эвакуацияланған 8-сынып оқушысы үйіне барған соң өзін жайсыз сезінген. Лоқсып, басы ауырған қызды жедел жәрдем облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөлімшесіне жатқызған. Дәрігерлердің айтуынша, қазір оның денсаулығы бірқалыпты.

Бұған дейін Павлодарда мектептің өртеніп, бір ұстаздың зардап шеккенін хабарлаған едік. Білім мекемесінің шатыры жанған. Тілсіз жау шамамен 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылар келгенге дейін мектептен 576 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Оның 551-і оқушы.Оқиға орнында 50 өрт сөндіруші, 12 арнайы техника жұмыс істеді.

Бұл - соңғы аптада Павлодарда өрт шыққан екінші мектеп. 15 сәуірде №1 жалпы орта білім беру мектебінің кітап сақтайтын бөлмесі толығымен өртеніп кеткен болатын. Тілсіз жаудан 5 оқушы зардап шекті.

Осы екі төтенше жағдайдан кейін білім министрлігі мен облыс әкімдігі қаладағы барлық мектепті тексермек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

ШҚО-дағы 197 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Бұл мәселені 2025 жылға дейін шешеміз, - дейді министр
28.05.2023 | 15:15

Астанада емханалардың жеке медициналық зертханаларға қарызы 5 млрд теңгеге жетті

Мәселе қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты, - дейді Абай Ахметбек
28.05.2023 | 14:23

Ашаршылық туралы кітап пен Абай үйі: Кельнде Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Еуропадағы қазақ мәдени ұйымдарының саны артып келеді
28.05.2023 | 14:05

Елордада тағы 12 автобустың бағдары өзгерді

Өзгерген қозғалыс сызбасымен сілтемедегі сурет арқылы танысуға болады
28.05.2023 | 13:47