×

Павлодарда тағы бір мектеп өртенді: ұстаздардың бірі зардап шекті

Білім ордасынан 600-ге жуық адам эвакуацияланды

 Данияр Айтпайұлы 21.04.2022 | 09:34
фото: Павлодар облысы ТЖД

Бүгін таңғы сағат 08:04-те Павлодар қаласындағы тағы бір мектепте өрт шықты. Білім ордасынан 600-ге жуық адам эвакуацияланған. Бір ұстаз зардап шекті. Тілсіз жау әлі толық өшірілген жоқ.

Жергілікті өрт сөндіру қызметіне Павлодардың №28 орта білім беру мектебінде өрт шыққаны жөнінде хабар түскен. Білім мекемесінің шатыры жанып жатыр. Тілсіз жау шамамен 200 шаршы метр аумақты шарпыды.

Құтқарушылар келгенге дейін мектептен 576 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Оның 551-і оқушы.  Өкінішке қарай, бір ұстаз зардап шегіп, жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнында 50 өрт сөндіруші, 12 арнайы техника жұмыс істеуде.

Бұл - соңғы аптада Павлодарда өрт шыққан осымен екінші мектеп. 15 сәуірде Павлодар қаласындағы №1 жалпы орта білім беру мектебінің кітап сақтайтын бір бөлмесі толығымен өртеніп кеткен еді. Тілсіз жаудан 5 оқушы зардап шекті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама