×

Алматыда Nomad FC жекпе-жек турнирі өтеді

77 келіге дейінгі салмақта Шерзод Абдужаппаров Темірлан Шашубаймен айқасады

 Халық үні 09.06.2023 | 08:54
Фото: Олимпбет

Алматыда сенбіде өтетін Nomad FC жекпе-жек турнирін жіберіп алмаңыз! Сайыпқыран спортшылар, шоу-бағдарлама мен көрермендерге арналған сыйлықтар – 10 маусымда Алматы Аренада Nomad Fighting чемпионаты дүркіреп өтеді.

Nomad FC ең ірі қазақстандық жекпе-жек турнирінің бағдарламасына 13 жұптың ойыны және басқа да көптеген тосынсый кіреді. Еліміздегі ең сенімді букмекерлік кеңсе «Олимпбет» ауқымды спорттық шараның демеушісі болды.

Қазақстандық ММА жұлдызы Мұратбек Қасымбай ресейлік файтер Никита Солонинге қарсы рингке шығады. Кино және ринг жұлдызы Еркебұлан Тоқтар ресейлік поп-ММА файтері Фарид Ядуллаевпен жұдырықтасады.

77 келіге дейінгі салмақта Гран-при финалында Шерзод Абдужаппаров Темірлан Шашубаймен айқасады. Жекпе-жек жеңімпазы 5 000 000 теңге қаржылай жүлдеге қол жеткізеді.

Турнир аясында Қазақстан мен Өзбекстанның кәсіпқой боксшылары Бектас Қасенай мен Исламбек Пірманов арасында принципті тартыс болады, басқа да осы секілді жекпе-жектердің куәсі боламыз.

Спорттық сайыс барысында қонақтарды басқа да бағалы сыйлықтар мен танымал әртістер күтеді. Олардың қатарында SHIZA, YENLIK, ULUKMANAPO сынды эстрада жұлдыздары бар.

Алматы Аренада өтетін Nomad Fighting стадионындағы бірінші турнирді жіберіп алмаңыз! Алдағы 10 маусым сағат 17:00-де басталады.

Билеттер – 4 000 теңгеден 50 000 теңгеге дейін, zakazbiletov.kz сайты арқылы сатылымда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама