×

Елордада үстел теннисі фестивалі өтеді

Қатысушылар 4 санат бойынша өнер көрсетеді

 Халық үні 08.06.2023 | 16:04
Фотоны ұйымдастырушылар ұсынды

Елордада 9-11 маусым аралығында үстел теннисі фестивалі өтеді. Оған кәсіпқойлар да, қарапайым көрермендер де қатыса алады.

Астанада 9 маусымда «Үстел теннисінен Olimpbet-фестивалі» республикалық ашық турнирі басталады. Қатысушылар 4 санатта өнер көрсетеді: кәсіпқойлар, әуесқойлар, ардагерлер, кадеттер.

Турнирді ұйымдастырушылар тек спортшыларды ғана емес, сондай-ақ қарапайым көрермендерді де қатысуға шақырады. «Үстел теннисінен Olimpbet-фестивалі» аясында жанкүйерлер үшін жүлде ұтыс ойындары қарастырылған. Яғни, жеңімпаздар мен белсенді ойыншыларға кәдесый мен «ADD Table Tennis Center Astana» жылдық абонементтері үлестіріледі.

Өтетін уақыты: 9-11 маусым, сағат 10:00-де басталады. Фестиваль «ADD Table Tennis Center Astana» үстел теннисі орталығы, Қабанбай батыр даңғылы, 47/1 мекенжайы бойынша өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама