×

Елорда іргесінде 13 жастағы бала суға батып кетті

Шомылу маусымы басталғалы 11 бала суға кеткен

 Еркеғали Болатұлы 08.06.2023 | 16:35
фото: ашық дереккөз

Қосшы қаласында 13 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға кеше болған. Жасөспірімдер жағажайға үлкендердің рұқсатынсыз барған.

Жағажай аумағына барған жұмыс тобы Қосшы қаласының 2010 жылы туған тұрғынының суға батып кеткенін анықтады. Мәйіт ТЖБ қызметкерлері келгенге дейін коммуналдық жағажайдың құтқарушы жасағының күшімен табылды, - деді Қосшы қаласы ТЖБ бастығы Асқар Жақыпов.

Сондай-ақ ол ата-аналарға суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмауды, рұқсат етілген аймақтар мен су айдындарында ғана шомылу керектігін ескертті.

«Жыл басынан бері Қазақстанда 53 адам суға кетті. Оның 17-сі – бала. Ал шомылу маусымы басталғалы 26 адам суға батып кеткен, оның 11-і – бала», - деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама