×

Антикор Нұржан Әлтаевтың кімнен пара алды деген күдікке ілінгенін жариялады

Әлтаев уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Халық үні 08.06.2023 | 09:49
коллаж: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-депутат Нұржан Әлтаевқа қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Антикор таратқан ақпаратқа сәйкес, Әлтаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейіннен парламент мәжілісінің депутаты ретінде жүйелі негізде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді.

2018-2020 жылдары жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқарып, ол Абылай Мырзахметовтің мүддесі үшін әрекет етіп, оның ұйымына мемлекеттік тапсырыстарды алуына ықпал етіп, жалпы қамқоршылық көрсеткен, - делінген ақпаратта.

Әлтаев Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, 2023 жылдың 7 маусымында Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев ірі көлемде пара алды деген күдік бойынша ұсталған еді.

Ал Антикор «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті 2023 жылдың 10 мамырында ұстады. Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінген. Күдікті Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама