×

Президент Алтай Көлгіновті қызметінен босатты

Ол премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған

 Халық үні 08.06.2023 | 09:11
Алтай Көлгінов, фото: primeminister.kz

Президент Алтай Көлгіновті қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының жарлығымен Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды, – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Көлгінов бұл қызметке 2022 жылдың желтоқсанында тағайындалды. Оның алдында 2019 жылдың 13 маусымынан бастап, 2022 жылдың 8 желтоқсанына дейін Астана қаласының әкімі қызметін атқарған.

КӨЛГІНОВ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ

Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда қазіргі Түркістан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген.

Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген.

Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 

2000 жылы Қазақстанның Қарулы күштерінде қызмет еткен. 

2001-2008 жылдары Әділет министрлігі мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарды.

2010-2012 жылдары Қазақстан Президенті әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. 

2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі, содан кейін Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама