×

Шымкентте діни мазмұндағы 50 кітапты заңсыз әкелген шетелдікке айыппұл салынды

22 жастағы жігіт Мысырдан ұшып келген

 Динара Амантай 07.06.2023 | 17:50
Фото: polisia.kz

Шымкентте діни мазмұндағы 50 кітапты заңсыз әкелген Өзбекстан азаматына айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.

Шымкент қаласының әуежайына «Шарм әл-Шейх – Шымкент» бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін тексеруден өту кезінде Өзбекстан Республикасының 22 жастағы азаматы ұсталды. Тексеру барысында одан діни мазмұндағы 1 200 брошюра мен 50 кітап табылып, тәркіленді.

Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 50 айлық есептік көрсеткіш (172 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.

Еске сала кетсек, «ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес, әр атаудың бір данасындағы жеке пайдалануға арналғандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әкелуді дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін тіркелген діни бірлестіктер ғана іске асыра алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама