×

Астанада 185 мыңға жуық адамға мемлекет қаржылай көмектеседі

2023 жылы қандай әлеуметтік төлемдердің көлемі артты

 Ая Өміртай 07.06.2023 | 16:31
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтынан

Астанада жыл сайын 185 мыңға жуық адам әлеуметтік қолдау шараларына қатысып келеді. Мұқтаж азаматтарды көбірек қамту мақсатында бір реттік ақшалай төлемдер, әлеуметтік көмек сынды бірқатар қосымша іс-шаралар қарастырылған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ресми мәліметіне сәйкес, төмендегідей көмек көрсетілді: 

  • газ қосу және құбыр жүргізу шығындарының өтемақысы 90 АЕК-тен (286 200 теңге) 130 АЕК-ке (448 500 теңге) ұлғайтылған. Сонымен қатар, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, балалар үйінің түлектерін алушылар санаты енгізілген. 2023 жылы 199 отбасы газ қосуға өтемақы алған. 
  • табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға өтемақылар артты. Яғни, жалғыз тұрғын үйі бүлінген жағдайда бір отбасына 65 АЕК-тен (206 700 теңге) 400 АЕК-ке (1 380 000 теңге) дейін өтемақы беріледі. 2023 жылы үйінен айырылған 12 отбасыға өтемақы берілді.
  • атаулы әлеуметтік көмек төлеу мөлшері 90 мың теңгеден 180 мың теңгеге дейін өсті;
  • саяси қуғын-сүргін құрбандарын қалалық жолаушылар көлігінде жүру үшін алушылардың қосымша санаты енгізілді;
  • әлеуметтік маңызы бар дертке шалдыққан балаларға төленетін төлемнің мөлшері мен кезеңділігі 5 АЕК-тен (15 900 теңге) 25 АЕК-ке (86 250 теңге) ұлғайтылды және айына берілетін болып өзгертілді;
  • Чернобыль апатының құрбандарын еске алу күнінің 35 жылдығына орай (26 сәуір) бекітілген 9 АЕК-ке (28620 теңге) қосымша 75 мың теңге біржолғы көмек көрсетілді. 2023 жылы 505 адамға көмек қамтылды;
  • алғаш рет ядролық сынақтар құрбандары (зейнеткерлер мен біржолғы өтемақы алушылар) атаулы күн қарсаңында 2,5 АЕК (8650 теңге) көлемінде біржолғы ақшалай төлем алды;
  • бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бірінші рет 15 АЕК (51 750 теңге) мөлшерінде біржолғы көмек көрсетіледі. 2023 жылы 75 адам қамтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама