×

ШҚО-да орманда от жаққан 32 адам жауапқа тартылды

Өңірде өрттің алдын алу мақсатында 46 мобильді топ құрылған

 Динара Амантай 07.06.2023 | 15:09
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында 8 маусымда ауа температурасының 41 градусқа дейін көтерілетіні туралы дабылды ескерту жарияланды. Төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ШҚО ТЖД-ның мәліметінше, өрттің алдын алу мақсатында өрт сөндірушілер, орманшылар, полиция, жергілікті атқарушы органдар қатарынан 46 мобильді топ құрылған.

Профилактикалық рейдтер нәтижесінде 32 бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

Бастапқы кезеңде жануды жедел бақылау үшін ТЖД қызметкерлері космомониторингті пайдаланады. Бүгінде ғарыштық технологиялардың көмегімен 270 сурет түсіріліп, 77 жылу нүктесі тіркелді әрі жедел пысықталды.

Жанудың негізгі пайызы азаматтардың отты абайсыз пайдалануына және қарапайым қауіпсіздік шараларын бұзуына байланысты, - деді Нұржан Өміржанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама