×

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді

 Еркеғали Болатұлы 04.06.2023 | 12:12
фото: дереккөз

Қарағандыда төбелес болып, 2 адам пышақ жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Денис Денски есімді блогер өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды.

Оқырманның айтуынша, осыдан бірнеше минут бұрын Қарағандыдағы Н.Әбдіров даңғылында ұсақ-түйек сататын дүкеннің маңында белгісіз біреу 3 адамға пышақ сұғып алған. Оқиғаның егжей-тегжейі белгісіз. Оқиға орнына жедел жәрдем барған. Полицияның түсініктемесін күтемін, - делінген жазбада.

Полицияның мәліметінше, 3 маусымда сағат 19:52 шамасында 102 телефонына Ерубаев көшесінде төбелес болып жатқаны туралы ақпарат түскен.

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді.

«Жедел әрекеттер барысында «Абзал» сауда үйінің маңынан 25 және 26 жастағы екі күдікті ұсталды. Біреуінен пышақ, екіншісінен кастет тәркіленді. Ұсталғандар полиция басқармасына жеткізілді. Аталған факті полицияда тіркелді. Оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама