×

Ақтөбеде әкімдікте жұмыс істейтін көңілдесін өлтірген жігітке сот үкімі шықты

Ол жаза мерзімін естігенде жылап жіберген

 Еркеғали Болатұлы 02.06.2023 | 12:42
фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде облысының әкімдігінде жұмыс істейтін әйелді азаптап өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты.

29 жастағы жігіт кінәсін бірден мойындап, қанды қылмысқа қалай барғанын жасырмай айтып берген. Соны ескерген сот бүгін оған 11 жыл жаза кесті.

Айта кетсек, қылмыс осыдан 3 ай бұрын жасалған. Сотталушы 46 жастағы әйелмен бойдақпын деп танысыпты. Осылайша, екі күн қатарынан жұмысынан күтіп алып, кездеседі. Ақырғы кездесуінде марқұм көңілдесінің отбасылы екенін ұялы телефонындағы суреттерден біліп қойған. Осыған ашуланған 29 жастағы жігіт тартпада жатқан пышағын алып, нақсүйерін 35 рет пышақтаған.

КТК телеарнасының хабарлауынша, ол мәйітті жүк салғышқа салып алып, екі күн бойы жүрген. Ауыр қылмысқа көңілдесін әйелінен жасыру үшін барған көрінеді.

Сотталушы 11 жыл жаза кесілгенде жылап та жіберді. Ал марқұмның туыстары айуандықпен адам өлтірген қылмыскерге бұл жеңіл жаза деп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама