×

Биыл Маңғыстауға 320 мың турист келеді – Ноғаев

Былтыр облысқа 310 мыңнан аса турист барған

 Халық үні 02.06.2023 | 12:30
Фото: VizitMangystau

Маңғыстау облысы биыл 320 мыңнан астам турист қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Айтуынша, былтыр Маңғыстау облысына шетелден және өзге өңірлерден 310 мыңнан астам турист келген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 6%-ға көп. Өңірде туризм саласында көрсетілген қызметтер көлемі 11,5 млрд теңгені құраған.

...Мұнайға, шикізатқа тәуелділіктен арылу үшін жаңа бағыттарды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Соның бірі – туризмді, ауыл шаруашылығы саласын дамыту. Оның ішінде балық шаруашылығын дамытуға ден қойып, қарқын беруді ескеріп отырмыз. Облысқа келетін туристердің саны да, туристік нысандар көрсететін қызметтің көлемі де жылдан жылға артып келеді. Былтыр облысқа 310 мың турист келді деп көрсетіп отырмыз. Бұл – ресми қонақ үйге орналасқан туристердің саны. Мұның сыртында ағайын-туысының үйіне келетіндер мен пәтерді жалға алатын туристерді ескерсек, бұл жерде басқа нәтиженің бар екенін көреміз, - деді Ноғаев.

Сондай-ақ 2022 жылы өңірде 4 жоба іске асқан. Жалпы құны – 100 млн теңге. Бұл жобалар бойынша 80-нен астам жаңа жұмыс орны ашылған.

Бұл істі биыл да жалғастырамыз. Биыл 76 млрд теңгеге 30 жаңа жұмыс орнын ашатын екі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, - деді Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, ұшақтар халықаралық және ішкі бағыттар бойынша 24 бағытта аптасына 110 әуе рейсін, оның ішінде алыс және жақын шет елдерге 16 бағытта 45 әуе рейсін орындайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама