×

Ақтөбеде полиция бөлімінің бастығы мен оның сыбайласы сотталды

Сотталушылар өз кінәларын мойындады

 Динара Амантай 01.06.2023 | 14:06
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе қаласының №2 сотында полиция бөлімінің бастығына және оның сыбайласына қатысты сотқа дейінгі жеделдетілген өндіріске келіп түскен қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотта анықталғандай, сотталушы 2023 жылдың 28 наурызынан 3 сәуіріне дейінгі аралықта жәбірленушімен кездесу барысында алдау және сенімге қиянат жасау арқылы қылмыстық істі тоқтату сылтауымен ПБ бастығы, полиция полковнигіне пара беруге итермелеп, одан 450 мың теңге ақша алған. Ал 4 сәуірде қалалық ПБ-ның бастығы жеке кездесу барысында істің оң шешілуі үшін бұрынғы полиция қызметкерінің сыбайласынан 200 мың теңге ақша алған.

Сот отырысында сотталушылар өз кінәларын мойындады. Кінә сотталушылардың өздерінің айғақтарымен, жәбірленушінің айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерімен және іс бойынша басқа да дәлелдемелердің жиынтығымен расталады. Сотталушылардың қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ретінде сот шын өкінгенін, кәмелетке толмаған балалардың болуын таныды.

Сот ПБ бастығын кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, ұрланған мүлкінің 10 еселенген сомасында 2 млн теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады. Сотталушы «полиция полковнигі» арнайы атағынан айырылды.

Сот бұрынғы полицейді де кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, ұрланған мүлкінің 20 еселенген көлемінде 9 млн теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама