×

Тұңғыш президентті көпшілік алдында қорлағандар қылмыстық жазаға тартылмауы мүмкін

Қылмыстық кодекстен 373 және 374-баптарды алып тастау жоспарланған

 Айгерім Таубай 31.05.2023 | 12:04
Нұрсұлтан Назарбаев

Елімізде Нұрсұлтан Назарбаевты көпшілік алдында қорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті алып тастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында енгізіледі. Бұл заң жобасына Парламент депутаттары бастамашы болған.

Әділет министрлігінің хабарлауынша, аталған заң жобасы шеңберінде Қылмыстық кодекстен 373 және 374-баптарды алып тастау жоспарланып отыр. Бұл екі бапта Тұңғыш президентті көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру, сондай-ақ оның суретін бүлдіру, оның заңды қызметіне кедергі жасау әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Қазір заң жобасын Парламент мәжілісі қарап жатыр.

Айта кетейік, аталған екі бап бойныша 5 000 АЕК көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама