×

Шымкентте 3 жасар бүлдіршін көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Қазір оның жағдайы орташа ауыр

 Дастан Жұмабекұлы 30.05.2023 | 09:25
фото: ашық дереккөз

Шымкентте 3 жасар балауса көпқабатты үйдің 5-қабат терезесінен құлап кетті.

Оқиға қаланың Республика даңғылы бойында болған.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайлар басқармасына балдырғанның белгісіз жағдайда құлап кеткені туралы хабарды сағат 15:00-де «103» жедел жәрдем қызметі хабарлаған.

2020 жылы туған бала дереу орталық ауруханаға жеткізілген. Қазір оның жағдайы орташа ауыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама