×

Ғалым қыздарға отбасын құруды ертерек ойлауға кеңес берді

Олар репродуктивті денсаулығына мән беруге тиіс

 Дәурен Ерболат 29.05.2023 | 14:37
Фото: Halyq Uni

Қыздар отбасын құруды ертерек ойлауы керек. Бұл туралы Орегон университеті (АҚШ) эмбрионалды жасушалық және гендік терапия орталығының директоры, профессор Шухрат Миталипов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Адамның жасына қарамастан сау сәбилер әрқашан дүниеге келеді. Алайда шәуеттің сапасы (ерлерге қатысты) мен бедеулік жағдайға әсерін тигізуі мүмкін. Әсіресе, бұл әйелдерге қатысты. Сондықтар олар (отбасын құруды) ертерек ойлануға әрі 35 жасқа дейін бірінші баласын сүюге тиіс, - деді ғалым Астанада өтіп жатқан «Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» атты халықаралық конференция кулуарында.

Оның айтуынша, бүгінде заман өзгеріп, қыздар кеш тұрмысқа шығатын болған. Осыған қарамастан олар репродуктивті денсаулығын да ескеруі керек.

«Қазір қыздар тұрмысқа кеш шығады. Олар жұмысына, оқуға, карьераға көп көңіл бөледі. Тіпті, 35-40 жастағы әйелдер де жас қой. Олар әдемі, фитнеске барады. Өкінішке қарай, аналық жасушылар бізге бағынбайды... Жас келгенде шәует (сперма) сапасын жоғалтады. Алайда 70-80 жасқа толған ерлер де балалы бола алады. Мұндағы мәселе әйелдерге қатысты», - деді Шухрат Миталипов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама