×

Маңғыстау облысында мектеп педагогтеріне 30 млн теңге заңсыз аударылған

Антикордың тапсырмасымен аталмыш мектепте аудит шаралары басталады

 Динара Амантай 29.05.2023 | 12:45
Фото: azh.kz

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы №11 жалпы білім беретін мектебінде педагогтерге артық сағаттар жазылып, 30 млн теңге заңсыз аударылған. Бұл туралы «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов Facebook-тегі парақшасына жазды.

Оның айтуынша, егер заң бойынша 1 педагогтің 1 жұмыс аптасында (алмастыру жүктемесімен бірге) 24/32 сағат қарастырылса, Еңбек кодексінде жалпы жұмыс аптасы 40 сағаттан аспауы керек деп белгіленген. Ал аталмыш мектептегі мамандардың аптадағы қызмет уақыты 77 сағат болған. Осылайша, бір айда бір педагогке 307 сағат шығады екен.

Не деген еңбекқорлық! Тіпті ұйықтауға да уақыт қалмағаны ғой! – деп жазды Дидар Смағұлов.

Белсендінің мәліметіне сәйкес, осы тәсілмен 2019 жылы 6,2 млн теңге, 2020 жылы 7 млн теңге, 2022 жылы 17,1 млн теңге артық аударылған. Осылайша, бір ғана мектептің өзінде 30 млн теңгеден аса қаржы жымқырылған.

Антикордың тапсырмасымен аталмыш мектепте аудит шаралары басталатыны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама