×

Ақтауда екі ай бұрын жоғалып кеткен жігіт әлі табылмай жатыр

Кәрім Свамбаев 6 сәуірде үйден шығып, қайтып оралмаған

 Дастан Жұмабекұлы 26.05.2023 | 15:20
фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында екі айға жуық уақыт бұрын жоғалып кеткен 28 жастағы Кәрім Свамбаев әлі табылмай жатыр. Қазір оны іздеу жұмыстары жалғасуда.

Lada сайтының хабарлауынша, еріктілер қозғалысы тәртіп сақшыларымен бірге «Приморский» тұрғын алабының тұрғыны Кәрім Свамбаевты іздеу жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Бұл туралы жігіттің әкесі Рустам Свамбаев айтты.

Әкесінің айтуынша, ол 6 сәуірде кешке Жемчужная көшесінде орналасқан №29 (Приморск тұрғын алабындағы) үйден шығып, қайтып оралмаған.

Баламның дене бітімі орташа, бойы 175-180 сантиметр, шашы қара. Жоғалған күні үстінде қара капюшоны бар жемпір болған. Қоңыр түсті туфли мен қара джинсы шалбар киіп, үйден шыққан екен.  Рюкзагы да болыпты, – деді Рустам Свамбаев.

Полиция мен еріктілер жігіттің қайда екені туралы мәліметті білетін адам болса, Кәрімнің әкесі Рустам Свамбаевтың мына телефон нөміріне +7 (701) 600-09-05 хабарласуын сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама