×

Оралдағы түрменің құрылысын аяқтау үшін тағы 6 млрд теңге керек

Бүгінде ғимарат қаңырап бос тұр

 Дәурен Ерболат 26.05.2023 | 15:30
Фото: Tengrinews.kz

Оралдағы тергеу изоляторын толық салу үшін тағы 6 млрд теңге қажет. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол нысанның құрылысы тоқтап тұрғанын атап өтті.

Бұрын тергеу изоляторының құрылысы басталды. Оны салуға шамамен 11 млрд теңге жұмсалды. Мәселе әлі бар, құрылыс аяқталмады. Қылмыстық іс қозғалды. Кейбір жауапты адамдар, жеке тұлғалар сотталды. Бүгінде нысан әкімдіктің балансында. Бізге оны құрылыс басқармасы тапсырды. Мен (Батыс Қазақстан облысының әкімі болып) тағайылдалғаннан кейін, яғни бір аптадан соң нысанға бардым. Құрылысты аяқтау үшін шамамен 6 млрд теңге қажет, - деді Нариман Төреғалиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, нысандағы құрылыс заттары ұрланған. Бүгінде ғимараттың құрылысын аяқтау мәселесі қаралып жатыр.

Қазір жергілікті бюджет есебінен ақшаны бөлу мәселесін қарастырып жатырмын. 2024-2025 жылдары құрылысты аяқтау керек. Себебі нысанды мұндай күйде қалдыру обал.

Болашақта нысанды кімге тапсырамыз? Біз ПД-мен осы тақырыпта сөйлестік. Полицияға ғимарат жетіспей жатқанын талқыладық. Оларды сонда орналастырғымыз келеді. Нысанның бір бөлігі әкімшілік ғимарат болады. Әрине, (нысанды қалыпқа келтіру үшін) қомақты қаражат керек», - деді облыс әкімі.

Өңір басшысы тергеу изоляторын салуға инвесторлардан қаражат тартылмайтынын атап өтті.

«Құрылысы аяқталмаған ғимарат бюджет қаржысы есебінен салынды. Сондықтан (жобаға) ешқандай инвестор келмейді. Инвесторлар бұған қызықпайды. Өйткені ол басында бизнес нысан емес, тергеу изоляторы ретінде жоспарланды. Біз (бұған) инвесторларды таба алмаймыз», - деді Нариман Төреғалиев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама