×

Ауылда жұмыс істегісі келетін дәрігерге 2,5-5 млн теңге беріледі

Өңірде 247 дәрігер жетіспейді

 Дәурен Ерболат 26.05.2023 | 14:35
Фото: ОКҚ

Батыс Қазақстан облысындағы ауылда жұмыс істегісі келетін медицина қызметкерлеріне 2,5-5 млн теңге грант беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өңір басшысы мәселенің себебін түсіндірді.

Біріншіден, кадрлардың басым бөлігі ауылдарға барғысы келмейді. Оны жасырудың қажеті жоқ. Ауылға барғанда олар тұрақтамай кетіп қалғысы келеді. Біз кадр мәселесін шешу үшін гранттарды көбейтіп жатырмыз. Қазір біз ауылға барамын деген адамға 2,5 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін грант беру мәселесін шештік, - деді Нариман Төреғалиев ОҚК-де өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс әкімі мамандар баспанамен де қамтамасыз етілетінін жеткізді.

«Екіншіден, тұрғын үймен қамтамасыз ету. Үшіншіден, кадрлар өңірімізге тұрақтағанда шетелдік мамандарды шақырып, тәжірибе алмасуға немесе (кадрларды) шетелде оқыту мәселесін қарастырамыз», - деді өңір басшысы.

Бұған дейін БҚО әкімі Орал әуежайы акциясының сатылуына қатысты пікір білдірген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама