×

Соңғы қоңырау күні шар ұшыруға тыйым салына ма – министр жауабы

Биыл оқу жылы 31 мамырда аяқталды

 Халық үні 25.05.2023 | 15:38
Фото: Halyq Uni

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев соңғы қоңырау қарсаңында мектептерде мақтау қағазын беруге тыйым салынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.  

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналист «әлеуметтік желіде ата-аналар оқу жылының соңында мектептерде мақтау қағазын бермеу және салтанатты іс-шара барысында шар ұшыруға тыйым салынғаны туралы ақпарат тарады. Министрлік осындай тыйым салып отыр ма?», деп сұрады.

Министрлік тарапынан мақтау қағазын бермеуге қатысты тапсырма берілген жоқ. Бұл жеке бастама болуы да мүмкін. Бізге де осындай ақпарат келді. Алайда бұл бағыт бойынша шектеу жоқ, - деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, биыл ел бойынша 172 мың оқушы мектеп бітіреді. Ал оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Соңғы қоңырауға қатысты салтанатты іс-шара 1 маусымда өткізіледі. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама