×

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Ол қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынды

 Дәурен Ерболат 24.05.2023 | 16:40
Фото: facebook/KudaibergenKairat

Кәсіпкер Қайрат Құдайберген тағы бір ай қамауда отырады, деп хабарлады Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты тергеу органдарының Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтінішті қанағаттандырды. Осылайша, Қайрат Құдайберген 2023 жылғы 21 маусымға дейін қамауда болады, - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Бас прокуратура кәсіпкерге жаңа айып тағылғанын хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама