×

Ақтауда 17 жастағы қыз үйдің шатырынан секірмек болды (ВИДЕО)

Жасөспірім кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторға тапсырылды

 Динара Амантай 23.05.2023 | 14:36
Фото: видеодан скриншот

Ақтауда полицейлер үйдің шатырынан секірмек болған 17 жастағы қызды құтқарып қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, кеше полиция инспекторлары Исламбек Шаржан мен Әзімбек Саттар, патрульдік полицейлер Ғалым Қожамұратов пен Руслан Жұмабаев 27 шағын аудан мекенжайына жедел шақырту бойынша барған. Шатырға көтерілген полицейлер қызға төменге секіруге жол бермей, оны ұстап қалып, отырған жерінен көтеріп алды.

Полицейлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырды. Жасөспірім кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторға тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама